БАЙЛАНЫСШЫЛАР МАҢЫЗДЫ ІСКЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Аудан әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында аудандық «Қазақтелеком» ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндіріліп, оның ел дамуы үшін маңызы атап өтілді.
– Жалпы жаңа Конституциялық жобасы Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Әділеттілік, Заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны нақты көрсетіліп отыр. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілді. Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі адам құқықтарына бағдарлануы. Осылайша, адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Прембулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған, -деді Ермек Амангелдіұлы.
Жиын барысында ұжым қызметкерлері пікір алмасып, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ, Мойынқұм ауданы