Павлодарда адасып кеткен ауылдық үш тұрғын құтқарылды

0 36

Астана әкімдігі

Павлодарда адасып кеткен ауылдық үш тұрғын құтқарылды: 15 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Олар Екібастұзға қарасты Төртүй ауылынан жаяу шығып, бағыттарынан жаңылған. Тұрғындарды төтенше жағдай қызметкерлері іздеп тапты.

112 шұғыл қызмет пультіне Павлодар облысындағы қыр аумағында үш адамның адасқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

— Адамдарды іздеуге Екібастұз қаласы төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері дереу шықты. Құтқарушылардың әрекеттерінің арқасында ер адамдар қысқа мерзімде табылып, құтқарылды, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдай департаментінен.

Анықталғандай, өткен түнде олар Екібастұздан 75 шақырым жерде орналасқан Төртүй ауылынан жаяу шыққан. Алайда жолда бағдар жоғалтқан.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276234-pavlodarda-adasyp-ketken-auyldyq-us-turgyn-qutqaryldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.