Ақтөбеде ауыл тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды
Polisia.kz
Ақтөбеде ауыл тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды: 13 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Алға ауданының криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында биыл қаңтар айынан бастап ауыл тұрғынының бопсалауға ұшырағаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгісіз тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік мақсатта ер адамнан екі млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Жәбірленуші оларға ақшаның бір бөлігін беріп үлгергені белгілі болды.
Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және арнайы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен өткен арнайы операция барысында бопсалаушы топ Ақтөбе қаласында ұсталды.
Жәбірленушіден 400 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын алу кезінде қолға түскен күдіктілердің үшеуі де Ақтөбе қаласының тұрғындары екені анықталды.
Тінту барысында олардан бопсалау жолымен алынған ақша және күдіктілердің біріне тиесілі «Газель» автокөлігінен пышақ табылып, тәркіленді.
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Бопсалау дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276141-aqtobede-auyl-turgynynan-aqsa-bopsalagandar-ustaldy