Бурабайда жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар анықталды

0 338

Ақмолалық полицейлер Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адамды іздеп тапты.

Естеріңізге сала кетсек, Щучинск қаласында жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігіне оқ атылған. Үрейленген, жедел жәрдем көлігіндегілер көліктің ешқайда соғылмағанын айтады. Көліктің терезесінде оқ тигендей тесіліп, әйнегі тұтастай шытынап сынған.

«Жедел іздестіру шаралары рысында Бурабай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы күдікті мен екі куәгербаді іздеп тапты. Олардың үшеуі де Щучинск қаласындағы колледждің студенттері екені анықталды», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жас жігіттердің берген түсініктемелері бойынша осы жылдың 11 сәуірінде сағат кешкі 22.00 шамасында олар көпқабатты үйлердің бірінің ауласында пневматикалық тапаншадан металл шөлмектерді атып отырған.

«Бір кезде олардың бірінің атқан оғы кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне тиіп кеткен. Олар көлікті атамыз деген ойы болмапты», – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.