Марат Сұлтанғалиев сарысулық жастармен жүздесті

0 99

Жастар – елдің басты байлығы.

Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылды.

Бүгінгі күнге дейін ел болашағы жастарды тәрбиелеуде ауданымызда біршама жұмыстар атқарылып, жастар саясаты, жастарды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін тапты.

Осы орайда бүгін, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев әр салада жемісті қызмет етіп жүрген аудан жастарымен кездесті.

Аудан басшысы жастарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме жүргізді.

Кездесуге ауданның белсенді жастары, студенттер мен жұмыссыз жүрген жастар да келді.

Қоғамның басты қозғаушы күші — жастар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, жүзеге асқан жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті.

Басқосу барлық сақтық шараларын ұстана отырып өтті.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.