Жуалыға бас дәрігер тағайындалды

0 452

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының Асет Қалиевтің 12.04.2021 жылғы №96 бұйрығымен​ ​ Жуалы аудандық орталық​ ауруханасының​ бас дәрігері лауазымына Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы тағайындалды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы, 1968 жылы 15 сәуірде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында​ дүниеге келген.
1987-1993 жылдары аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында жалпы медицина мамандығы бойынша білім алған.
1987-1989 жылдар аралығында АММИ комсомол комитетінің төрайымы, 1989-1993 жылдары — АММИ ғылыми кеңесінің төрайымы​ қызметін атқарған.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында бастап, «Ерекше емізу» бағдарламасын жүзеге асырудың үйлестірушісі ретінде танылған. 1999 жылдан бастап 3 жыл бойы Жамбыл облысы Жуалы орталық аудандық ауруханасында акушер-гинеколог, 2001 жылдан бастап, 5 жыл бойы Жамбыл облысы Жуалы аудандық орталық ауруханасында перзентхана бөлімінің меңгерушісі және аудандық акушер-гинеколог,​ 2005 жылдан бастап 5 жыл бойы Жуалы аудандық орталық ауруханасында бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінде​ бас маман болып қызмет атқарды.​ 2011 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы болған.

sheraga.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.