Жылқыбаев Азия чемпионына құрмет көрсетті

0 474

 

Бүгін Тараз қаласының  әкімі Ержан Жылқыбаев грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған жерлесіміз  Сұлтан Әсетұлын қабылдады. Әулиеаталық боз кілем шебері Алматы қаласында өткен құрлықтық додада топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіреткен болатын.
Оңтүстік астанада «Балуан Шолақ» спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының жүлделері сарапқа салынған сында грек-рим күресінен 63 кг келіге дейінгі салмақта жерлесіміз жеңімпаз атанды. Бірінші белдесуінде Тайпейлік балуанды 8:0 есебімен айқын жеңсе, жартылай финалда Сириялық балуанды 12:4 есебімен тізе бүктірді. Ақтық сында ирандық азулы Мейсам Далханиді 8:3 есебімен жеңіп Азия чемпионы атанды.
Сұлтандай ел ұландары әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Жастарды саламатты өмір салтына баулу мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Мәселен 2020 жылы Таразда 3 спорт кешені пайдалануға берлісе, биыл Үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. 7 кіші футбол алаңшасының ағымдағы жөндеуден өтсе, 3 жаңа кіші футбол алаңы салынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталығында жалғасын таба береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.