ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қыс мезгіліндегі басты табиғат құбылысы – қар жаууына байланысты қалада қарқынды жұмыс жасалып жатыр.

«Жасыл Ел- Тараз» ЖШС 2025-2026 жылдың қысқы маусымында қала аумағындағы автокөлік жолдарында және жаяу жүргіншілер жолдарында (тротуар) төтенше жағдайлар туындамас үшін тазалық жұмыстарын атқаруда.


Қажеттілікке байланысты ауыр техникалар (автогрейдер) жалға алу үшін мекемелермен келісім-шарт жасау қарастырылады. Оның ішінде: «Айя Сервис» ЖШС, «Тараз Көлік Жолы» ЖШС және «Арай Строй Маркет» ЖШС тағы басқалары бар.Қар тазалау бригадалары тәулік бойы 2 ауысымды кестемен жұмыс атқарады.
Сондай-ақ мекемеде диспетчерлік қызмет бар. Олар барлық жұмыстарды бақылауда ұстайды. Жұмысшылар үшін демалыс бөлмесі жабдықталған және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы жұмыстарды бақылау үшін мекеме қызметкерлерінен күнделікті кезекшілік кестесі бекітіліп, қала аумағындағы тазалық, коммуналдық жұмыстар жалғасуда.