МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Тараз қалалық білім бөлімінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Кенжекулов және бас маманы Т.Тілеукеев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша кездесу өткізді.
Спикер Департаменттің атқаратын фунционалдық міндеттері мен жұмыс бағыттарын түсіндірді.Атап айтқанда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, цифрландыру, осы саланы реттейтін заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар және жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласының оң имиджін көтеруге бағытталған өзге де іс-шаралар туралы айтып өтті.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті