Көкпекті ауданында стоматологиялық клиника ашылды

0 38
Көкпекті ауданында медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытында жобалар жүзеге асуда. Жақында аудан орталығы – Көкпекті ауылында «DentRise» стоматологиялық клиникасы салтанатты түрде ашылды.
🔶Жергілікті тіс дәрігері Өмірбек Ақтаевтың бастамасымен салынған нысан бірнеше жыл бойы жоспарланып, кезең-кезеңімен жүзеге асқан. Ол аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді стоматологиялық қызмет көрсету басты мақсат екенін атап өтті.
🦷Жаңа клиника ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосады. Мұнда стоматологиялық көмектің 5 бағыты бойынша қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, терапиялық ем, хирургиялық стоматология, балалар стоматологиясы, ортопедиялық бөлім (тіс протездеу) және орталықтандырылған стерилизация бөлімі жұмыс істейді.
⚡️Заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған клиника тұрғындарға тіс емдету, протездеу және хирургиялық көмек алу қызметтерін өз ауданында қолжетімді етеді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Leave A Reply

Your email address will not be published.