Облыстағы ірі құрылыс жобаларының жүзеге асу барысы талқыланды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдегі құрылыс нысандары бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты.


Аталған акция шеңберінде облыстардан бөлек ұлттық компаниялармен де жаңа ғимараттар салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.


«Бүгін кезекті рет өңірімізде салынатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жағдайын, құрылыс барысын және туындаған мәселелерді талқылау мақсатында жиналып отырмыз. Облыста жүзеге асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және өңірді көркейту. Әр нысанның уақтылы және сапалы іске қосылуы өңірдің даму қарқынына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Осындай жиынды үш аптада бір рет өткізіп тұрамыз. Әр нысан жеке бақылауымда болады», – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ