Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңір аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен оларды қорғау шаралары талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан баяндады.



«Облыс аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер – халықтың рухани мұрасын, ұлттың тарихы мен мәдени дамуын айқындайтын аса маңызды құндылықтар.

Аймақтың туристік әлеуетін арттыруға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі екені сөзсіз. Сондықтан олардың сақталуын тұрақты түрде бақылау, техникалық жай-күйін бағалап, ғылыми негізде қалпына келтіру – біздің ортақ міндетіміз», – деді облыс әкімі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ