ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЭКРАН АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАЛДЫ

0 42
2026 жылғы 15 қаңтарда мектебімізде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік кинокөрсетілім өтті. Іс-шара аясында білім беру ұйымдарында «Кітап бетбелгілері емес» («Не книжные закладки») және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер ұсынылды.
Аталған шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отырған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – заң талаптарын құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Кинокөрсетілімге ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев пен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков қатысып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты. Фильм мазмұны бойынша талқылау жүргізіліп, құқықтық тақырыптағы өзекті мәселелер қозғалды.
Іс-шара барысында оқушылар нақты өмірлік жағдаяттарды талдап, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде өз ойларын білдірді. Кинокөрсетілім құқықтық тәрбие беруге бағытталған диалогтық алаңға ұласты.
 Бұл бастама жастар арасында заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.