Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

0 28

8 қаңтарда Атыраудағы AiRom Arena спорт кешенінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды sheraga.kz,  turkystan.kz сайты «АқЖайыққа» сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Спорт кешенінің медбикесі жасөспірімге жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, 103 бригадасы келген кезде бала өмірден өткен еді.

«АЖ» дерегіне сүйенсек, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болған, алайда ол ресми есепте тұрмаған.

istockphoto.com

Leave A Reply

Your email address will not be published.