Таразда бір ай мерзімге ыстық су өшіріледі

0 17
Облыс орталығында жылыту маусымы 14 сәуірге қараған түні тоқтайды. Сондай-ақ, 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында, яғни нақты 1 ай мерзімге қала аумағында ыстық су өшіріледі, деп  хабарлайды aqjolgazet.kz

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков ыстық судың уақытша өшірілу себебін «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларына» сәйкес жылу желілеріне жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізілетіндігімен түсіндірді.

Айта кетейік, «Қазгидромет» мекемесінің 2025 жылғы сәуірдегі ауа райы болжамына сәйкес, өңірде сәуір айының 10-ы мен 15-сі аралығында күндіз +21-28°C, түнде +8-16°C болады.

aqjolgazet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.