Үй алма, көрші ал
Сонда екі қабатты зәулім үйге кезігіп, бағасының пәлен теңге екенін біледі. Екі-үш көшеден кейін тағы онша әрі жоқ, орташа үйді көріпті. Оның да бағасы жаңағы зәулім үйдің құнымен бірдей екен. Үй іздегендер: «Сіздің жөндеу көрмеген, орташа үйіңіз неге қымбат?», – деп сұрапты.
Сонда әлгі үй сатушы адам: «Есесіне менің көршілерім жақсы адамдар» деп жауап беріпті», – деді ол. Біз ауылдық жерде өскендіктен, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болдық. Тіпті көрші үйге кез келген уақытта кіріп барсақ, ішіп отырған ас-ауқатын өз балаларынан бұрын бізге беруші еді. Көрші үйдегі әжені «Апа» деп өстік.
Көрші апалардың өзі бәрімізге анамыздай мейірімін төгетін. Көрші үйде бүкіл көшенің балалары жиналып, киіз, текемет басушы едік. Текеметті шиге орап тепкенге күш керек. Сондай сәтте көршінің балалары болып атсалысатын едік. Текеметтің дайын болғаны көрші апаға жақсы, аяғымыздың шымыр болғаны бізге жақсы. Текеметті теуіп-теуіп, діңкеміз құрып, шаршаушы едік. Сол шаршағанның өзі бақыт екен. Текемет әзір болған соң, шүйіркелесіп отырып, көршінің шайын ішкен қандай, ғажап!
Ал, айт күндері ауылымыз үлкен қуанышқа кенелуші еді. Барлық үйде мейрам. Үлкен демей, бала демей айттап, әр үйге кіріп, жылы жұмсақ, тәттіден жеп, мәре-сәре боламыз. Сол уақыттың мейірімді әжелері үш жасар баланың да алақанын тәттіге толтырып жіберуші еді. Ал, қазір ше? Қазіргі айттар қалай өтіп жүр? Ауылдық жерде бұрынғы әдеп сақталған шығар. Қалалық жердің айты көңіл көншітпейді.
Бұрын көршілерге айттап, араласып тұрушы едік. Қазір қаладағы көпқабатты үйде тұрамыз. Көршілер бірін-бірі танымайды. Шырамытып танығандар табылғанымен, бір-бірінің үйіне кіріп айттай бермейді. Қалалықтарға тән салқын байланыс орнап тұр. Әрине, мұндай жағдай жүректі ауыртады. Біз осы орайда Жамбыл ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевты сөзге тартқан Мәселенің мәнісі едік.
«Көршімен тату болу – шариғатта өте маңызды. Себебі, сенің маңайыңда күнделікті жүретін көршің. Көршімен қуанышыңды, жақсылығыңды бөлісу – өте ғажап нәрсе. Ал, өмір болған соң, қайғы да болады. Сол қайғы жамылғаныңда көршіңнің саған деген құрметі болып жатса, бір мәртебе. Мұндайда жақсы көршілер қайғы жамылған үйге көмектеседі. Сол үйдің қонағын өз үйіне кіргізіп, дәмін беріп, сауапты іс жасайды. Бұл ата-әжелеріміз осы кезге дейін жасап келген дағды. Өкінішке қарай, қазір үзіліп барады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Көршісі аш болып, өзі тоқ болған бізден емес», – деді.
Ал, қазір көршіміз тоқ па, аш па білмейміз. Себебі, танымаймыз, үйіне де кірмейміз. Өз заманында Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын кісісі қайтыс болған бір үйге жұмсаған. «Ол үй қайғырып отыр. Барыңдар. Олардың өздеріне және жақындарына тамақ, ас-су апарыңдар», – деген. Осыдан да көршімен қандай дәрежеде байланыста болуымыз керек екені аңғарылады. Көршімен тату болудың маңызы үлкен», – дейді бас имам.
Белгілі ақын Қуаныш Қолқаның да пікірін білген едік. «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) заманында бір еврей көршісі өте қиянат жасаған екен. Пайғамбар (с.ғ.с) жүретін жолдың бәрін қоқысқа толтырып тастайтын болған. Сонда да Алланың елшісі сабыр етіпті. Сол қоқыстың арасынан жол тауып жүре береді. Бір күні әлгі еврей көзге түспей, жаман істерін істемей қалады. Содан Пайғамбар көршісінің үйіне кірсе, еврей ауырып қалыпты. Алла елшісі оның жағдайын сұрап, жылы сөзін айтып, сауығып кетуін тілейді. Осы ықыласты көрген еврей тәубесіне келіп, бірден мұсылман дінін қабылдаған екен. Тағы бір мысал. Бір кісілер үй іздеп жүреді. Дін –діңгек Адамның күйзеліске түсуінің басты себебі не? Бұл пікірлерден байқағанымыз, егер көршің жақсы болса, нашар үйдің бағасы да жоғарылай түсетіні ақиқат. Бұл жерде үйдің жағдайы маңызды емес, жақсы көршінің болғаны маңызды екенін түсінуге тиіспіз. Қазақ «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», – дейді.
Ешкім ағайын, туысын жек көрмейді. Бірақ, күнде көретін көршінің бағасын осыдан-ақ байқауға болады. Шариғат көршімен өте тату болғанды мақұлдайды. Ал, сіз көршіңізбен қалайсыз?
Есет ДОСАЛЫ