Жамбыл облысында марихуана егу заңдастырылғаны рас па?

0 360

Қазнетте Жамбыл облысы аумағында марихуананың заңдастырылғаны туралы ақпарат тарады. Заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулер ағымдағы жылдың сәуір айында күшіне енеді екен. Бұл жалған.

Жамбыл облысында каннабисті заңдастыру туралы хабарлама алғаш рет @vtvs_taraz Instagram парақшасында биыл 1 сәуірде жарияланды. Бұл ретте постта жаңалықтың әзіл екенін көрсететін хэштегтер белгіленген. Алайда Қазнет қолданушылары марихуана шынымен заңдастырылады деп, ақпаратты хэштегтерсіз және мерзімін көрсетпей таратқан.

Кейін бұл хабарды Жамбыл облыстық полиция департаменті жоққа шығарды.

– Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңына сәйкес, елімізде каннабистік топтағы есірткі құралдарын пайдалануға толық тыйым салынған», – делінген хабарламада. 

Жарияланымның 1 сәуірдегі қалжың екенін авторлардың өздері де растады. Олар парақшадағы түпнұсқа жазбаны өшіріп, оны теріске шығаратын пост жариялады. Онда жай оқырмандардың көңілін көтермек болғандарын және тиісті хэштегтер белгілегенін айтып, пікір қалдырған.

«Марихуананың легализациясы туралы ақпаратты теріске шығару ⠀

Таяуда әлеуметтік желіде Жамбыл облысында марихуана айналымы мен қолданудың легализациясы туралы хабарлама таратылды.⠀

Жамбыл облысының Полиция департаменті осы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын хабардар етеді. ⠀

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің елімізде каннабис тобындағы (марихуана, гашишжәне т.б.) есірткі құралдарды пайдалануға толық тыйым салынған.»

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.