Таза Қазақстан: Тараздықтар «Денсаулық» саябағын қоқыстан тазартты

0 30

Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Облыстық жастар ресурстық орталығының және “Жасыл ел” еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, «Денсаулық» саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.

Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың м2 гүлзарлар мен 5,7 мың м2 көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.

gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.