Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады
Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады. Жаңа ережелерге сәйкес, шағын көлік жуу орындарынан бастап ірі зауыттар мен кемелерге дейін арнайы су пайдалану рұқсатын алу міндеттеледі. Бұл туралы кодекс бойынша жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев мәлімдеді.
«Ауыз суды пайдаланып, оны кәріз жүйесіне ағызатын кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Көлік жуу орындары тек айналымдағы су жүйесі болған жағдайда ғана қызмет көрсете алады», — деді Казанцев.
Оның айтуынша, кәсіпорындарға айналымдағы су жүйесін енгізу үшін екі жыл уақыт берілген.