Өзбекстанда қарақшылық жасағандар Қазақстаннан ұсталды

0 17
Отдел продаж под ключ. Рост продаж на 30% за 3 месяца!
Вернём деньги в течение первых 2-х рабочих недель, если услуга Вам не подойдет.

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.

Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Қарақшылық жасалғаннан кейін іздеу жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған.

Полиция пікірі

«Жедел іс-шаралар нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды», — деп жазылған хабарламада.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.