Данияр Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз. Жекпе-жекке өтпей қалуы мүмкін бе?

0 23

Боксшының менеджері арнайы мәлімдеме жасады

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс. Алайда, бұл шараға санаулы күндер қалса да, турнирді ұйымдастырушылар Елеусіновтің қарсыласын әлі жарияламады.

Осыған байланысты Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Алиев мәлімдеме жасады.

«Тек Данияр ғана емес, кез келген боксшы үшін мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Бізде бір кездері Елеусіновтің денсаулығына байланысты жаттығу бастау мүмкіндігі болмады. Дегенмен, ол кейін дайындықты қайта жалғастырды, қазір бәрі дұрыс сияқты. Осыған байланысты бірнеше қарсылас жекпе-жектен бас тартты. Біз жағдайдың анық-қанығын білу үшін күтуге мәжбүр болдық. Енді алдағы бір-екі күн ішінде қарсыласын ресми түрде жариялаймыз», — деді Алиев.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйекте Алматыда өткізді. Сол кеште ол филиппиндік боксшы Джое Нойнаймен (23-5-2, 11 KO) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.  https://1bol.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.