Иордания Газадағы палестиналықтардың қоныс аударуына қарсы ұстанымын қайталады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Иордания Королі II Абдалланы қабылдады, деп хабарлайды BBC.
Кездесу Трамптың палестиналықтарды Газа секторынан қоныстандыру жоспарының бөлігі ретінде егер палестиналық босқындарды қабылдамаса, Американың Иорданияға көмегін тоқтатамыз деп қорқытқаннан бір күн өткен соң өтті.
Абдалла ІІ оның елі қатерлі ісікке шалдыққан 2 мыңға жуық палестиналық баланы қабылдауға дайын екенін, бірақ басқа жағдайда Америка президентінің жоспарларын қолдамайтынын мәлімдеді.
— Мен Иорданияның Газа секторы мен Батыс жағалауда тұратын палестиналықтардың қоныс аударуына қарсы берік ұстанымды қайталадым. Бұл — арабтардың біртұтас ұстанымы. Газа секторын тұрғындарын көшірмей қайта құру және ауыр гуманитарлық жағдайды шешу барлығының басымдығы болуы тиіс, — деп мәлімдеді Абдалла II келіссөздерден кейін әлеуметтік желіде.
Трамптың өзі Иордания королімен Газа секторындағы жағдай туралы «тамаша әңгімелесу» жүргізгенін айтты.
Сауд Арабиясы Газадан палестиналықтарды ығыстыру әрекетінен бас тартты.
Сарапшылар қоғамдастығы АҚШ Президентінің Вашингтонның Газа секторын бақылауына алу ниеті жайлы тосын мәлімдесін белсенді түрде талқыға салып жатыр. Осы жайтқа орай Kazinform шығыстанушы Жанат Момынқұловқа бірнеше сауал жолдаған еді.