«Тараздық» футболшылар жастармен жүздесті

0 334

«Тараз» футбол командасының ойыншылары Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта жастармен кездесті.

Елдос Ахметов пен Әлішер Сүлей өздерінің футболдағы мансабы мен командадағы ойыны туралы айтып берді. Ал кездесуге шақырған жастар ел біріншілігін сәтті бастағанымен команданы құттықтап, қолдау білдіріп жүргендерін жеткізді. Жастар футболшылардан «Шахтермен» өткен ойын туралы өздері айтып беруін сұрады.

-Бұл ойынның осылай өрбуіне өзге матчтың әсері болды деуге болады, – деп бастады сөзін Елдос Ахметов. – «Қайратпен» өткен кездесу бізге сенімділікті арттырып, өз ойынымызды ойнауға жол ашты. Сол әсердің арқасында «Шахтермен» тамаша ойын өткізуге әкелді деуге болады.

Ал Әлішер Сүлей жарақатына байланысты бұл ойынға қатыса алмағанын айтты. – Трибунада отырып, жанкү йер болу алаңда ойнағаннан аса қиын екен. Жігіттер сенімді ақтап, шабуылдаушы футбол көрсетті. Соның арқасында тамаша есеп тіркелді.

Сонымен бірге, футболшылар «Тұранмен» өтетін ойынға дайындық туралы да айтты.
-Премьер лигада әлсіз команда жоқ. Тіпті төменгі лигадан қосылғандар да көшбасшыларға төтеп бере алады. «Тұран» «Астанадан» ұпай ала алған команда. Ол команданың құрамында жоғары лига мен өзге елдерде ойнаған тәжірибелі футболшылар бар. Демек, бұл ойын да біз үшін оңай болмасы анық. Бірақ біз қзімізге қажетті нәтижеге жету үшін алаңға шығамыз, – дейді Әлішер Сүлей.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.