ЕУРОПАДА БIЛIМ АЛҒАН ТҰҢҒЫШ — ҚАЗАҚ!
Қазақтар мал соныңда жүргенде елден ерек әке өз баласын оқысын — тоқысын деп шетелге оқуға жібереді. Ол қазақ баласының есімі — Қазыбек бек Тауасарұлы!
Қазыбек Таусарұлы 1692 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданында дүниеге келген.
Кiшi Азияның iрi қалаларында болып дiни ғылыми бiлiм алып оқымысты атанған. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы қол бастап батыр да атанған. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты руының Асыл атасынан тарайды. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған кісі. Баласының зеректігін ерте жасынан байқаған әкесі Қазыбекті 5 жасында Бұхараға апарып дiни оқуға береді. Жастығына қарамай үздік оқыған Қазыбек оқуын төрт жылда тәмамдап елге оралады. Елде екі жыл ауыл балаларына дәріс береді. Екі жыл бала оқытып бiраз адамның сауатын ашқан 11 жасар бала Қазыбек қасына ауылдасы өзінен бас үлкен Өтеғұл байдың Өтеген деген баласын (кейін Сүйінбай Аронұлы Жамбыл Жабаев жырлаған Өтеген батыр) ертiп тағы да бiлiм қууға жолға шығады. Олар Самарқандта бiр жарым жыл болып атақты Қазы-заде Румидiң ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып одан дәрiс алған. Одан соң тағы да жолға шығып Шам Бағдад одан әрі Ыстамбұл Римге сегіз жылдай сапар шегіп жүреді. Қазыбекке әсiресе Бағдад және Ыстамбұлда алған білімдері өте пайдалы болып оның жан-жақты дамуына жол ашады. Араб парсы тілдерін жетік меңгереді. Араб тілін жетiк бiлуiнiң арқасында Ыстамбұл кiтапханасында Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектерімен танысады Махмұд Қашқаридің «Диуани Лүғат ат-Түрк» Қожа Ахмет Яссауидің » Диуани хикмет» кiтаптарын сол жерде оқыған. Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны аралап орыс жеріне барып оның бiраз жерiн аралаған. Содан екеуі 1709 жылы елге оралады. Елге келген соң жиған-терген дүниелерiн жинақтап » «Иран шешегi» атты кітабын жазады. Бірақ жаугершілік заман оған кiтап жазып ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермеді. Ол амалсыз қаламын найзаға ауыстырып ел қорғауға қамданады. Оның бұдан кейінгі бар ғұмыры елдің шетінде жаудың өтiнде өтеді. Ол алғаш рет қалмақтармен Аягөзде болған шайқасқа түседі. Бұл жерде Қабанбай батыр Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бiр жылдан соң жоңғар қоңтайшысы Цеван-Рабданға Тәуке ханның елшісі ретінде барады. Елдің «Ақтабан шұбырындыға ұшырасуы» — ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей бiрде босқан елдің басын қосып ұжымдастырып жатса бiрде жоңғарларды өкшелей қуып жаумен жан аямай шайқасып жатты. Осы бiр қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бiрге көрiп арпалысты күн кешеді. Біз бұл кісінің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген жалғыз еңбегі жеткен. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ол бұл еңбегінде ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып шейіт болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, ерліктері баяндалған исі қазаққа әйгілі тұлғалар жайында сүйсіне жазған. Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегінің аса құндылығы да осында………
Білген абзал!