Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Ұлана Сламбекова Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ұлана Сламбекқызы 1984 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.
Ол еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы, Тамды ауылындағы «Ақшұқыр» шаруа қожалығының экономисі қызметінен бастаған.
2006-2009 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
2009-2011 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары,
2011-2013 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қоғамдық саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің сектор меңгерушісі,
2013-2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары,
2016 жылдан 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.