Қазақстан халық партиясының төрағасы Ертісбаев: «Ресей президентіне рахмет, орыс халқына бас иемін»

0 693

Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Путин саясатын ашық қолдайтын Соловьёв Live арнасына сұхбат берді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы жазады.
Журналист Диас Нұрақынның айтуынша, Ертісбаев басқаратын партияның аты өзгергенімен, түпкі идеясы өзгере қойған жоқ.
— Осылар-ақ, теріскей жаққа қарап жалтақтауын қоймады. «Қызылдардың» көшбасшысы Ермұхамед Ертісбаев ресейдегі «бұлбұлға» сұхбат беріпті. «Ресей президентіне рахмет, орыс халқына бас иемін, орыстардың социалдарымен тығыз байланыс орнатуымыз керек деп бөсіп отыр. Отыз жыл бойы лауазымды қызметтер атқарған сақа саясаткердің айтатын сөзі емес еді. Қазір қазаққа, қазақ халқына, елге, жерге жаны ашитын әңгіме айтылу керек. Сосын ел танитын, азды көпті атағы бар ағалардың Соловьев деген пропагандиске сұхбат беруінің өзі қателік. Олар арандатушы сұрақтар қойып, тіліңнен тартып алуы мүмкін. Ал, бізге халықтың бірлігі қымбат. Қит етсе ойын орыстың журналистеріне барып жеткізбей, айтамын десе бізде де ютуб арналар жетеді. Жалпы коммунизм идеясын көксейтін партияның аты өзгергенімен заты сол күйі қалған сияқты. Теріскейге қарап ұлуының да себебі осы шығар?!, — деп жазды Диас Нұрақын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.