Басты мақсат – азық-түлік сапасы мен бағаны тұрақтандыру
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрғындар тарапынан оң баға алды.
Бүгін орталық алаңда өткен азық-түлік жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі кураторы Әуесхан Оспанов қатысты.
Сарысулық шаруалардың тұтынушыларға ұсынған азық-түліктерінің сапасы мен баға тұрақтандырудағы жұмыстарымен танысты.
Жамбыл облысының әкімі Н.М.Нұржігітовтың бастамасымен «алқаптан сөреге» жобасы аясында қолжетімді бағада өнім ұсынып отырған кәсіпкерлермен сұқбаттасты.
Шаруалардың жұмысымен таныстырып, жергілікті атқарушы орган мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты айтып өттім.
Ауылда бақша өсіріп, отбасылық бизнесті өркендетуге 28 азаматқа былтырдан бері 1 гектардан жер учаскелерін 5 жылға тегін беріп, қияр, қызанақ, алма, асқабақ, қырыққабат және т.б өнімдер өсіріп отырғанын және бүгін сол меморандум аясында жүзеге асқан жобаның өнімдерін жәрмеңкеге шығарғанын атап өттім.