Ұлттық ойын көкпары өтті

0 96
Көкпар қазақтың дәстүрлі ұлттық ойыны. Қанына сіңген қасиеті. Елден бата алу үшін көкпар беру атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
Кеше Сарысу ауданы Өндіріс ауылында Қыздарбековтар әулетінің демеушілігімен тай бәйгесі және қазақтың ұлттық ойыны көкпардан командалық жарыс өтті.
Ойын барысында жүлделі 1 -орынды Тоғызкент ауылы иеленсе, 2- орынды Игілік ауылының жігіттері бермеді , 3- орынды Саудакент және Ә. Бүркітбаев ауылынан келген көкпаршылары өзара бөлісті.
Ат пен шабандоздың сыналатын жері осы көкпар. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Барлық салым салынып, шабандоздар жүлдесіз қайтпады.
Осы орайда көкпарды ұйымдастырға азаматтарға сондай-ақ, ойынның тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз еткен аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов пен оның ұжымына алғыс айтамыз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.