Кездесу
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Игілік ауылының тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Игілік ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылдықтардың көкейлерінде жүрген өзекті сауалдарына жауап беріп, пікір алмасты.
— Біз жаңа қоғам құруда жетістікке жеткіміз келсе, онда әркім өзгерісті өзінен бастау керек. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылған жұмыстарға, бастамалар мен жоспарлы жобаларға халық тарапынан қолдау, сенім болған жағдайда нәтижеге қол жеткіземіз. Ортақ түсінік — бәрінен маңызды, — деді Марат Сұлтанғалиев халықпен кездесуде сөйлеген сөзінде.
Кездесуде ауыл тұрғындары ағын су, таза ауыз су, жайылым тапшылығы, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жаңартылуы сияқты мәселелердің жылдан жылға оң бағытта шешімін тауып келе жатқаны үшін әкімдікке алғыстарын білдірді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі