КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Ағымдағы аптада қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдадық. Жалпы, дәстүрге айналған қоғамдық қабылдаулардың ең негізгі міндеті − тұрғындардың өтініштерін қарап, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болса, бүгінде бұл үде орындалып келеді.

Бүгінгі қабылдауға келген тұрғындардың да қарасы қалың болды. Жеке мәселелерімен қайырылған жерлестеріміздің басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдарын жолдады.

Одан бөлек, жұмыспен қамту және жер қатынастары саласына қатысты түйткілдер де көтерілді. Жеке мәселесімен келген әрбір тұрғынның өтініші зерделеніп, нақты шешімдер қабылданатын болады.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі