Даму жоспары аясында жүйелі жұмыстар жүргізілмек

0 153

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2023-2027 жылдары өңірдің экономикасы мен әл-ауқатының тұрақты өсуіне бағытталған «Қазақстан — 2050» стратегиясы, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі»пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты жарияланды және 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары мен Ұлттық даму жоспары, сондай-ақ ұлттық жобалар және т. б. негізінде бағдарланған қағидаттары арқылы орындалатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:

— фискалдық орнықтылық, тиімді монетарлық саясатты іске асыру, ынталандырушы салық саясатын қалыптастыру, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз ету;

— теңгерімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляцияны 2023 жылы 4-6%-ға, 2024 жылы 4-5%-ға, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін біртіндеп төмендету көзделіп отыр.

Апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік базарлары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру есебінен.

Экономика салаларын дамыту арқылы:

— инновацияларды және цифрландыруды енгізе отырып, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасын іске асыру, шикізаттық емес экспорттыжәне жергілікті қамтуды ұлғайту шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің (химия, тамақ, құрылыс индустриясы, металлургия және фармацевтика) өсуі есебінен өнеркәсіптік әлеуетті дамыту;

— ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін терең қайта өңдеу және оның экспортын арттыру, жобаларды одан әрі іске асыру, саланы цифрландыру, АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

— отандық және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен инвестициялардың өсу қарқынын жеделдету, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын қолдану;

— шағын және орта бизнесті дамыту және оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесін ұлғайту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, жаңа тауашаларды қалыптастыру, өз ісін ашу үшін жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту, кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ауыл кәсіпкерлері үшін нақты қолдау алу;

-сауда байланыстарын нығайту және дамыту экспортты ұлғайту, ЕАЭО шеңберінде еркін сауда аймақтарын ашу, жаңа тауарлар экспортын ұлғайту;

-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, ТКШ мен тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі жобалар іске асырылады, жеңілдікті қарыздар шеңберінде тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі, тұрғын үйдің қолжетімділігін 1 адамға 30 шаршы метрге дейін арттыру;

— көлік-логистикалық кешенді дамыту және зияткерлік көлік жүйесін енгізу, автомобиль жолдарының сапасын арттыру, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде транзиттік жүк ағындарының көлемін ұлғайту;

— экологиялық жағдайды жақсарту, орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде қолайлы өмір сүру ортасын құру;

— «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, цифрлық технологияларды жедел енгізу арқылы цифрландыру мен инновациялық экономиканы дамыту.

Теңгерімді өңірлік даму арқылы:

— «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өмір сүрудің базалық сапасын қамтамасыз ету жолымен облыстың даму әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;

— елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно — және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;

– «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберіндеіске асыру жолымен ауылдарда дамыған инфрақұрылым құрумен озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану.

Адами капиталдың сапасын арттыру арқылы:

— білім беру сапасын жетілдіру және арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;

— білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа нысандар салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

— сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауылдарда;

— жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.