«Ол біздің өніміміз»: Ресей теннис Федерациясы Елена Рыбакина туралы мәлімдеме жасады
“Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Елена Рыбакина ресейлік теннис мектебінің түлегі. Біз оған алаңдайтын боламыз”, — деді Ресей теннис федерациясының төрағасы Шамиль Тарпищев.
“Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Елена Рыбакина ресейлік теннис мектебінің түлегі. Біз оған алаңдайтын боламыз”, — деді Ресей теннис федерациясының төрағасы Шамиль Тарпищев.
Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің үшінші маусымы саналатын Уимблдонның жартылай финалдық матчында румын Симон Халепті (16-шы нөмірлі) жеңіп, финалға шықты. Финалда ол Тунист теннисшісі Онс Гиллермен кездеседі.
Рыбакина-Мәскеудің тумасы, 2018 жылға дейін ол Ресей атынан өнер көрсеткен болатын. 2018 жылдың маусым айында ол азаматтығын Қазақстанға ауыстырды. Рыбакина карьерасында алғаш рет «Үлкен Дулыға»турнирінің финалына шығып тарихта қалып отыр.
«Уимблдонның мұндай финалы туралы британдықтар армандаған жоқ па? Менің ойымша, олар енді ештеңе туралы армандамайды. Елена Уимблдон финалында ойнағаны жақсы, ол біздің өнім. Әрине, ол жеңеді. Біз оған финалда жанкүйер боламыз. Оның қаржылай мәселесі шешілді, оған Қазақстанда, бұл тұрғыда жақсы болды. Әркім өз таңдауын жасауға құқылы. Біз Елена үшін алаңдаймыз, оған сәттілік тілейміз», — деді Тарпищев.