Назарбаевтың одақтасы Байбектің қайда екені белгілі болды – дереккөз
Әлеуметтік желіде Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек пен оның отбасының Кипрде жүрген видеосы жарияланды.
Бауыржан Байбекпен бірге төрт баласы, жұбайы мен анасы саяхаттап жүр, деп хабарлады Бәсе YouTube арнасы.
«Бәлкім, Байбек қазір қашып жүр. Алматының бұрынғы әкіміне қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер Тоқаевтың жұмыс үстелінде жатыр. Тоқаев Байбекке, сондай-ақ олигархтар Рақышев пен Рахымбаевқа қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ» деп хабарлады YouTube арнасы.
Олардың айтуынша, Байбек бұған дейін Дубайдағы бес жұлдызды қонақүйде екі ай тұрған. Артынша ол қауіпсіз болмай, өзінің орналасқан жерін салыстырмалы түрде арзанырақ Кипрге ауыстырған.
Расында Байбектің үстінен іс қозғалса, ол Грекияға оңай барып, сол жерден саяси баспана сұрай алады.
Жақында экс-әкім Стамбұл әуежайында көзге түскен.
Еске салсақ, экс-президент Назарбаевтың одақтастары мен туыстарының көпшілігі БАӘ-де. Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жақтастары Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек Түркияда.
Наурыз айынан бастап 48 жастағы Бауыржан Байбек саяси алаңнан көрінбеді.
30 наурызда Байбек бір кездері «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған Германияға кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болды.