1-шілдеден бастап сұйылтылған газ қайтадан қымбаттайды

0 1 813

Сұйытылған газ, электр қуаты мен көмірдің бағасы көтеріледі. Энергетика министрлігі жарық пен отынның жаңа бағасын ұсынып отыр. Бұл құжат 24 маусымға дейін ашық талқыланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шикі бағасы 2022 жылғы 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңде 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерінде бекітілмек. Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері 28 000 теңгені құрайды.
Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім жасаған. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Бірақ нақты сомасы айтылмады.
Сондай-ақ жыл соңына дейін “Богатырь Көмір” ЖШС-да көмір бағасы 30 пайызға өсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 6 қаңтарда үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мараторий жариялаған болатын. Бұл шектеу келесі айда бітеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.