«Бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым»: Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін айтты
Алматыдағы ХҚКО-да жүрген ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Teleprogramma басылымына Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен өзімнің досым, бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым. Отырып қайттық, болды. Бір шеті ХҚКО-ға белгілі бір операцияны орындауға келдім. Ал қазір мені сонда қалады деп жатыр. Жоқ, мен «Байқоңырдан» Марсқа ұшып кетуге құжаттар дайындадым. Қазақтар келісіп қойған!
Енді бұл ақымақтық қой, түсініп тұрған шығарсыздар. Бүгін мен Колонна залында Александра Николаевна Пахмутовамен Пионерия күнін жабу салтанатына қатысамын», – деді Лещенко.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде әнші Алматы қаласындағы ХҚКО-да жүрген суреттер тараған болатын.