«Жұмыс істеуге барған»: Қостанай облысында 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында 26 сәуірде жоғалып кеткен 21 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Дос» іздеу-құтқару тобының еріктілері жігітті іздеп жатыр.
Роман Юрцевич Қостанайдан Алматыға жұмысқа кетіп, хабарсыз кеткен. Қасында Пума деген иті болған. Ит алтын түсті бау (шынжыр) таққан. Жоғалған ер адам орташа денелі, бойы шамамен 180 сантиметр, көзі көк. Оң аяғында жыланның татуировкасы бар. Жігіттің қайда екені әлі анықталған жоқ.
Фото: Дос