Болат Назарбаевтың «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы анықталуда
Ведомствоаралық тергеу тобы (ҰҚҚ, Антикор, ҚМА) Болат Назарбаевтың мемлекеттен кең көлемде ақша жымқыру фактілерін, және ең бастысы — «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыруға қатысын да іздестіруде. Бұл туралы органдарға жақын «DALA инсайд» дереккөзі хабарлады.
Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыны тергеу процессінің экономикалық кезеңі аяқталуға жақын және қазіргі фокус «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыру барысына ауысты.
Тергеу осы істерге Болат Назарбаевтың қатысы бар ма, соны білгісі келеді.
Бірақ, соңғы ақпараттар бойынша оның өзі Қазақстанда жоқ. Қырғызстанның kloop.kg ақпарат агенттігі Болат Назарбаевтың қаңтар оқиғасы кезінде Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткенін хабарлаған болатын.
Одан кейін ашық деректерде оның Қазақстанға оралғаны жөнінде ақпарат шыққан емес.