Мемлекеттік мекеме бір келі макаронға 17 миллион теңге төлемек болған
Петропавл қаласында орналасқан Әлеуметтік бейімдеу орталығы бір келі макаронды 17 миллионға сатып алмақ болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған күдікті лот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарын аудартқан. Соның арқасында мемлекеттік мекеме 250 теңге тұратын кәдімгі макаронды місе тұтуына тура келген.
Ақжар ауданының ауылдық әкімдігі бір тонна көмірді 933 мың теңгеге сатып алмақ болыпты. Енді олар бағаны қайта қарастырып отыр. Жыл басынан бері аталған өңірде сатып алу бағасын тым шарықтатып жіберудің 32 дерегі анықталып, бюджеттің 600 млн. теңгесі үнемделген.