«Террористер» Қазақстанның бірнеше қаласына «шабуыл жасады»
Бүгін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы бірнеше нысанда қауіпті құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды kaz.orda.kz.
Ішкі істер департаменттерінің баспасөз қызметі бірден бірнеше нысанға орнатылған құрылғылар туралы ақпараттардың жалған екенін мәлімдеді.
Жалған лаңкестер әуежайларды, оқу орындарын, автоорталықтарды, халыққа қызмет көрсету орталықтарын, сауда орталықтарын, сауда үйлерін, банктер мен университеттерді «миналады».
Алматыдағы жеті нысан миналанғаны хабарланған. Полицейлер ақпаратты тексеріп, оны жоққа шығарды. Жалған лаңкестердің хабарларында ҚБТУ университетінде, халықаралық әуежайда, сонымен қатар банктер мен сауда үйлерінде жарылғыш заттар қойылғаны айтылған.
Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметі де бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат алғанын хабарлады. Олардың қатарында «Мой авто» және «Лексус» автосалондары, сондай-ақ, «Хан Шатыр» және «Мега Silk Way» сауда үйлері бар.
«Электрондық пошта мекенжайынан қондырылған жарылғыш құрылғылар туралы қоқан-лоққы бар хат жіберілді. Қазір қаланың төтенше жағдайлар қызметі нысандарды тексеріп жатыр» деп түсіндірді елордалық ПД.
Сондай-ақ, Қарағандыда сағат 9:00-де «102» телефонына Мұқанов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскені белгілі болды. Оқиға орнына Қарағанды облысының жедел кезекшілерімен барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді.
Автосервис орталығы ғимаратынан 30-дан астам адам эвакуацияланды. Оны тексеру кезінде жарылғыш зат та табылмады.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің жалған ақпарат тарату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.