Лукашенко: Украина Беларусь елі секілді болу керек

0 1 219

Жапониялық TBS телеарнасына берген сұхбатында Александр Лукашенко Украинаның Беларусь сияқты болуы керектігін айтып, Ресей мен Украина арасындағы мүмкін келісімге қатысты пікірін білдірді.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың жапониялық TBS телеарнасына берген сұхбатының жазбасы жарияланды.
Беларусь президенті Ресей мен Украина арасындағы мүмкін бейбіт келісімге тоқталды. Жапон журналисі Ресейдің Украинаға ұсынған шарты туралы толығырақ мәлімет сұрады. Бұған жауап ретінде Лукашенко Украинаның Беларусь еліне айналуы керектігін баса айтты.
«Украина Беларусь сияқты болуы керек. Оның ядролық қаруы болмауы керек және Ресейге қауіп төндірмеуі керек. Украинада тұратын адамдарға кез келген тілде сөйлеуге тыйым салынбауы керек, онда орыстар көп», — деді Беларусь президенті.
Сондай-ақ ел президенті елде біреудің құқығына қол сұғуға болмайтынын атап өтті.
«Ешбір жағдайда да ол жерде ұлтшылдық гүлденбеуі керек. Ұлтшылдық біз өткен ғасырдың ортасында бастан өткерген фашизмге айналуы мүмкін», — деді ол.
Алайда Лукашенко қазір қақтығысты шешудің бір ғана мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
«Қазір Ресей Украинаға келісім ұсынып жатыр. Егер Украина Ресеймен келіспесе, қайталап айтамын, ол капитуляция актісіне қол қояды. Украина үшін дәл қазіргідей сәт қайталанбауы мүмкін. Дәл қазіргі жағдайдан шығу үшін бұл ең жақсы мүмкіндік. Егер бұл сәтті пайдаланбаса, ол қайта оралмайды. Ал бұл Украина үшін де, Ресей үшін де, Беларусь үшін де тиімді болады. Ең бастысы, келісімге қол қоюға барса, біз мыңдаған адамның өмірін сақтап қаламыз», — деп түйіндеді Беларусь басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.