«Күлейін бе, жылайын ба?»: Қызылордада диванның лентасын қиды (ФОТО)

0 2 142

ОПЦ Қызылорда Facebook парақшасында ресми хабарлама жарияланды. Онда Ана мен бала орталығының бөлімшесіне диван сыйға беріліп, оның лентасы қиылған деп хабарлады turkystan.kz kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

«22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында қызметкерлердің жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы жүктілер патологиясы бөліміне жұмсақ жиһаз (диван, кресло) сыйлады. Облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы көп жылдардан бері ұжым арасындағы тұрақтылықты сақтап, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында алтын көпір ретінде өз функциясын атқарып келеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін жаңадан салынған немесе қайта жөндеуден өткен ғимараттардың ашылу салтанатында лента қию рәсімі ұйымдастырылатын. Соңғы уақытта белгілі бір тұлғалардың атына ашылған аудитория, кабинеттердің де лентасы қиылып жүр. Енді жұмсақ жиһаздың да лентасы қиылғанын көрдік.
Мұны көрген көпшілік «Күлейін бе, жылайын ба?», «Арманы жоқ диван екен», «Әдемі диван екен» деген сияқты пікір жазуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.