Бас прокурор қызметінен босатылды
Бүгін еліміздің Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымынан босатылсын, — делінген Жарлықта.