Ербол Қарашөкеев жас офицерлермен кездесті


– Шекара – мемлекеттің қауіпсіздігі басталатын қасиетті шеп. Оның әрбір шақырымында елдің тыныштығы, халықтың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіміздің тұтастығы тұр. Отан шебін күзету – кез келген азаматқа бұйыра бермейтін абыройлы міндет. Офицер болу – тек жоғары әскери атаққа ие болу емес. Бұл – тәртіптің, табандылықтың, жауапкершілік пен адалдықтың үлгісін көрсету, – деді Ербол Қарашөкеев.
– Сіздердің білімдеріңіз бен кәсіби біліктеріңіз ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенемін. Қандай жағдайда да сабыр сақтап, салмақты шешім қабылдай білетін, Отан алдындағы міндетін әрдайым жоғары қоятын білікті маман болыңыздар, – деді аймақ басшысы.