Бәйменов билікке қатысты біраз шындықтың бетін ашты

0 480

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы мүшесі, «Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білді.

Әлихан Бәйменов «Qasqa Jol» YouTube арнасына берген сұхбатында Назарбаевтың тарихта кім болып қалатыны туралы айтты.

– Мен ол кісінің басқару тәсілдері және мемлекетке сіңірген еңбегін айтсам, 1991-1995 жылдар аралығындағы оның көшбасшылығы өте маңызды болды. 1995 жылдан бастап, тежегіш күші болмай, пенделікке бой алдыра бастады. Өзін-өзі тежей алмағаны, кейбін пенделік қызықтары ол кісінің бұрынғы енбектерінің біразын шайып кетті, – деді саясаткер.

 

Сонымен қатар, оның Елбасыға қандай тілек айтатыны туралы да сөз қозғалды.

– Алла берген өмірінде бейбіт, тыныш өмір сүріп, осы өмірде жасаған кемшіліктері мен қателіктері болса, сол үшін Алладан кешірім сұрап, қарапайым адам ретіндегі өмірін сүре берсін! Әр жастың өзіне тән қызығы болады… Бақыты болады… Соларды көрсін!, – деп түйіндеді саясаткер.

Ол  сондай-ақ Қасқа жол бағдарламсына берген сұхбатында Назарбаевтың еңбегін елемеуге болмайтынын мәлімдеді.

«1991-1995 жылдары ол кісінің көшбасшылығы маңызды болды. Тәуелсіздік алғаннан бір жыл бұрын Мәскеуде өткен КСРО халық депутаттарының съезі кезінде ол тек Қазақстан емес, КСРО-ға кіретін басқа елдерге танымал болды. Содан ол бедел жинады, оның ішінде ресей халқының алдында да. Сол жылдары Назарбаев Ресеймен қарым-қатынас орнатып, біздің ішкі шикізат саласына ірі алпауыт мемлекеттердің кіруі арқылы ішкі тұрақтылықтың мүддесіне де жұмыс жасады. Үшіншіден, ол көрші елдермен шекараны бекіте алды. 1997 жылы астананы Алматыдан Астанаға ауыстыруы – Назарбаевтың еңбегі» деді Әлихан Бәйменов.

 

Қоғам қайраткерінің айтуынша, 1995 жылдан бастап тұңғыш президент пендешілікке бой алдырған.

«1995 жылдан бастап ол кісіде тежегіш күштер болмай, пендешілікке бой алдыра бастады.

Кезінде қытайлықтар Мао Цзэдунның еңбегін үштен екі, үштен бір деп бағалаған. Сол секілді бастапқы кезеңдегі ол кісінің еңбегін ешкім жоққа шығара алмас. Ол әділетсіздік болар.

Ал бірақ одан кейін пенделік қызықтарының алдында өзін-өзі тежей алмауы сол кісінің бұрынғы еңбектерінің біразын шайып кетті» деп қорытындылады қоғам қайраткері.

Әлихан Байменовтің айтуынша, ең алдымен бейбіт халыққа оқ атқандарды тергеу керек.

– Қазір көшеге шыққан халықты тергеп жатыр. Ал оқ атқан мергендер кімдер, бейбіт халық қандай оқтан қаза тапты? Қандай оқ, қандай мақсатпен атылды? Осыны зерттеп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек. Екінші жағынан, құқық қорғау жүйесіндегі үлкен реформада полицияны тәрбиелеу жұмысына көп мән беруіміз керек, – деді қоғам қайраткері.

 

Сұхбат барысында Байменов өзіне халифат құруға ұсыныс жасағандар болғанын айтты.

– 2005 жылы сайлау алдында маған үш-төрт адам келді. Сіздің әкеңіз имам болғанын білеміз, халифат құруға қалай қарайсыз деді. Мен қарсымын дедім. Моральдық тұрғыдан алғанда дін басшысына қойылатын талап мемлекет басшысына қойылатын талаптан жоғары екенін айттым. Біз Иранды, басқаны көріп отырмыз. Егер 100 адамды жинап біздің мүфтият өкілдерімен қатар қойсаң, адамдарды тартып әкетуі мүмкін, – деді ол.

Ол қазақ тілінің елдегі мәртебесі туралы пікір білдірді.

«Қазақ тілінің қатардағы қарапайым халықтың тілі болса, бай мен биліктің тілі – орыс тілі. Ол да қоғамның ішіндегі қайшылықтарды туындатады. Ал қатардағы мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қолда бар ақпаратын өздерінің міндетіне сәйкес басшыларына жеткізіп отыруға тырысады. Бірақ саяси лауазымдағылар: министр, әкімдер өздерін тағайындаған адамның қас-қабағына қарап әбден үйренген. Себебі, оларды тағайындағанда біліміне, білігіне қарап тағайындаған жоқ. Оларды тағайындағанда сол адамға сенемін деп тағайындады. Сол өзіне қызмет етеді деп тағайындады. Бұл жерде біздің саяси жүйенің қайшылығы бар. Оның түбі – 1995 жылғы конституцияда» деді Бәйменов.

«Қазір халықтың үміті көп. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде құрбан болғандардың жақындарын қазір жұбату мүмкін емес. Бірақ «олар Жаңа Қазақстан құруға жол ашып берді» деп кейін ұрпақтар айта алуы керек. Олардың ұрпақтары «менің атам әділет, абырой үшін шықты», «менің атам Тәуелсіз Қазақстан үшін шықты», «менің атам өзінің жанын құрбандыққа түйіп, Қазақстанға оң өзгерістерді бастап берді» дей алуы керек.

Қазір олардың аруақтарының алдындағы парызымыз –реформалар жүргізу. Шамалыдан кейін қайтадан анау қорға 10-15 млрд бергендер бұрынғы рөлін ойнайтын болса, сол арқылы өзіне жағдайын сатып алса, онда қиын болады.

Сол себептен ол сайлаудағы мүмкіндігі өзінің осы жылдардағы батыл реформаларына байланысты. Оның ішінде саяси реформалар, әділ сайлауды енгізу, сөз бостандығымен қамтамасыз ету және экономикадағы, мемлекет басқарудағы, ақпарат жүйесіндегі реформалар» деді саясаткер.

https://www.youtube.com/watch?v=PFHTBGcBDlQ&t=1s

Leave A Reply

Your email address will not be published.