Алматылық шебер елу бес жыл ішінде 2,5 мыңнан астам домбыра жасаған

0 1

Алматылық шебер 55 жылда 2,5 мыңнан астам домбыра жасады. Сондықтан қазақтың қара домбырасы мен Жолаушы Тұрдықұловтың есім-сойы қатар аталуы заңдылық. Ұлттық аспапқа үн бітірген шебердің еңбегі күйшілер мен әншілер арасында үлкен сұранысқа ие. «Қазақтың Страдивариі» атанған шебермен тілдесіп қайтқан тілші сюжетіне кезек берейік. Мына қол талай ағашты сүріп, шанақты иді. Шегін тартып, тиегін түйді. Тіпті, станокта қалып, саусақтарын жарақаттап алғаны бар. Бірақ бәрібір де Жолаушы аға ерте кезде бойға сіңген сүйікті ісінен бір сәт те қол үзген емес. «Аспаптың жаны – ол дыбысы», — дейді шебер. Домбыраға қоңыр үн беру үшін өзі түйсікке жүгінеді. Жолаушы Тұрдықұлов, домбыра жасау шебері: — Интуитивті түрде, сезімі арқылы табу керек. Жылдар бойы тәжірибе арқылы келетін нәрсе бұл. Сезім. Ағашты тыңдай білу керек, ұстап білу керек, дыбысын тыңдап көру керек деген сияқты. Бұл әдісін Жолаушы аға шәкірттеріне де жиі айтып отырады. Қазір ізінен ерген ізбасарлары жетерлік. Олардың ұсталығы ұстаздарынан асып түспесе, кем емес. Дегенмен, Жолаушы ағаның кеңесіне жүгінетін кездеріміз көп, — дейді шеберлер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.