Белсенді Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды

0 250

Бұған дейін ғаламтор беттерінде мектептердегі балаларға екпе егілді деген жалған ақпаратты таратқан Айна Бакееваға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

 

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Бакеева Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Шешімді орындауды сот Шымкент қалалық полиция департаментіне жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдын қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласында балаларға жасырын екпе салынатыны жөнінде ақпарат таратқан. Бұған себеп бірнеше әйелдің мектептерге рұқсатсыз кіріп түсірген видеоларын желіде жариялауы болған. Бейнежазба авторы өзін журналистпін деп таныстырып, ал жанындағы серігінің дәрігер Айна Бакеева екенін айтады. Сонымен қатар кадр сыртындағы дауыстан «балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз екпе салынып жатқанын» естуге болады. 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.