Өңір экономикасында өзіндік жол қалдырады
Мойынқұм ауданыны негізінен мал шаруашылығына қолайлы. Сондықтан да бұл құмды өлкенің шаруалары егін-егіп, бау-бақша салғаннан гөрі нәсібін төрт түліктен тапқанды артық санайды. Өйткені шөлді аумаққа жататын өңірдің жері құмды болғандықтан әрі су тапшылығына байлансты мұнда егін жарытып жайқала алмайтыны белгілі. Десе де соңғы уақыттарда Мойынқұмдықтар жүгері, қызылша, тары секілді аздап болса да егін егуге көңіл бөле бастады. Соның ішінде тары дақылын ерекше атап өтуге болады.
Жалпы тары адам ағзасына керекті дәруменнің бірі. Ол В тобына жататын дәрумендерге, бауырға қажетті холинге өте бай. Әсіресе бұл азық ретінде иммунитетті көтеруге таптырмайтын ас. Бұл дақылдың әлемде бес жүзден астам түрі бар көрінеді. Соның көпшілігі Үндістан, Моңғолия мен Алтайда оның түрі көп тараған. Ал мойынқұмдықтар негізінен қызыл тары өсіреді екен. Аталған ауданындағы Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков ауылдары тары дақылын өсіруге мықтап ден қойыпты. Биыл Қызылтал, Қызылотау ауылдық округтері аталған дақылды көптеп еккен сыңайлы. Қазіргі таңда егістікті ору жұмыстарын аяқталып қалыпты.
«Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірбек Шынжарбеков 11 гектар жерді тиімді пайдаланып, ауыл диқандарымен біріге тары дақылын еккеін, ондағы өзіне тиесілі жер – 3 гектар екенін айтады.
– Тары егу оңай емес. Әсіресе бұл дақылға торғай біткен қырғидай тиеді. Алажаздайғы еңбек еш кетпес үшін, тарыны торғайдан қорудың өзі әжептеәуір жұмыс. Десе де еңбегіміздің жемісін көру үшін жаз бойы бейнетке батып, маңдай терімізді төктің. Енді соның рақатын көретін күн де туды. Өйткені қазір алқапты ору жұмысы басталды. Негізінде қай дақыл болмасын, қазанға түсіп, дастарханға қойылғанша еңбектенесің. Бұл да сондай. Қазір біз тарыны қырманға жеткізіп, дәнін бастырып жатырмыз. Оны ақтау, дәнді қауызынан айыру бір бөлек әңгіме. Биыл ағын судың кеш келуіне байланысты егінді сәл кешеуілдетіп салдық. Десе е табиғаттың қарайласуының арқасында егін жайқалып өсті. Дәні де толық. Қазірдің өзінде тарының түсімі жаман емес. Гектарынан 2,5 тоннадана айналып отыр. Осы жолы мол өнім аламыз деп отырмыз, – дейді Мейірбек Шынжарбеков.
Аудан бойынша былтыр 5 074 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі егілген. Биыл 5 662 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, көп жылдық жоңышқалар себіліпті.
Айта кетерлігі, тары дақылының сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің құнарлығы артады, дәнінен спирт жасалса, сабағынан қағаз шығаруға болады. Ал медицинада емдік қасиеті бары дәлелденген бұл дақылға сұраныс артпаса, кемімейтіні анық.