Індет бәсеңдеді, алайда…

0 212

Өңір тұрғындарының коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші төмендеген. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сенсек, өңіріміз «жасыл» аймақта тұр. Ауру қайтты деп арқаны кеңге салуға болмайды. Аймақ атқа мінерлері бас қосқан жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осыны назардан шығармауды ескертті. Аймақ басшысы халықты  вакцинациялау ісі күн тәртібінен түспейтінін індетпен күрес жалғаса беретінін айтты.

– Екпе жұмыстарын естен шығармау, ауырғандар санын азайту туралы тапсырма берілген болатын. Екпе жайлы есепке жүгінсек вакцина салынуы тиіс жерлестеріміздің 71,5 пайызы ғана екпе алған. Статистика департаменті және цифрлық базамен жұмыс істеу көңілге қонымсыз. Себебі біздегі мәліметпен  Республикалық көрсеткіштің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Тапсырма да екпе алғандар өсімі күніне 1.5 пайыздан кем болмауы айтылса, нәтижесінде тәулігіне 0.2 пайыздан аспай отыр. Жақында ғана 0.6 пайызға әрең жетті, – деді Бердібек Машбекұлы.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың баяндауынша соңғы тәулікте 71 індет жұқтыру дерегі анықталғанын, осы күнге дейін 17 840 азамат індеттен сауығып шыққанын сөз етті.

– Облыстағы инфекциялық стационарлардағы 2 042 төсек-орынның 37 пайызында, реанимациядағы 243 төсектің 34 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Карантиндік стационарларға 4 тұлға жатқызылса, төсектің пайдаланылуы 2 пайыз. Бұл көрсеткіш індеттің бәсеңдегендігін білдіреді.

10 зертханада тәуліктік қуаттылық – 4020 болса, жалпы тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде. Өңір бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адам КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған. Соның қазір екпе алғандары 71 пайыздан асты. Жалпы Жамбылда дәрі-дәрмек, екпе түрлері жеткілікті. Алда болып қалуы мүмкін індеттің жаңа штамына коронавирус инфекциясына облысымыз толық дайын. Өткен жылдары өңірде науқастар үшін қолдан тыныстандыру оттегі тапшылығы байқалды, демек алдағы күндерде екі оттегі стансасын салу қажет, – деді Әсет Әскерұлы.

Өңір «Жасыл» аймаққа өткенмен, жасөспірімдер арасында індет жойылмай тұр екен. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нейли Муликова айтып берді. Мәселен әулиеталақтар арасында 108 бала індетке ұрынған, оның үшеуі балабақшадан, қалғаны оқушылар мене студенттер. Салдарынан облысымызда 442 мектептің 27-сіне қатысты 63 сынып карантинге жабылыпты. Каратинге жіберілген адамдардың саны оқушы, қызыметкерлерді қосқанда 1467-ге жеткен.

Б.Сапарбаев тұрғындарының 71,5 пайыз екпе алғанымен атқарылып жатқан іске көңілі толмайтынын білдірді. Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Талас, Меркі ауданында екпе алу баяу болса, Мойынқұм ауданы екі апта аттап әлі 96 пайызда қалып қойғаны қынжылды. Тапсырманы сылбыр орындаған Тараз қаласы және аталған аудан әкімдерінен бірқатар міндеттемелер жүктеді. Оқушылар мен мұғалімдердің індет жұқтыру себебін анықтау, індет өршіген мекемелерді дезинфекциялау, індетпен күресті бәсеңсітпеу жөнінде тиісті орындарға тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.