Мемлекеттік қолдау аудан ажарын ашуда
Биыл Шу ауданында барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 5,7 миллиард теңге бөлініп, 57 жоба іске асырылуда.
Облыс экономикасының негізгі қозғаушы саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Ауданда биылғы жылдың өнімі үшін 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 084 гектарға сүр айдалған. Жер пайдалану көрсеткіші 100 пайызға орындалыпты. 7 560 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар 2 060 гектарға ұлғайған.
Қаңтар-маусым айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 970,6 миллион теңге қаржы берілген. Нәтижесінде «Еңбек» бағдарламасы аясында 65 адам 246,2 миллион теңге шағын несие және
607 азамат 350,0 миллион теңгеге өз кәсібін бастау үшін қайтарымсыз грант алған. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 39 жеке кәсіпкер 327,9 миллион теңгеге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 3 кәсіпкер 46,5 миллион теңге несие алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Аудандағы жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 7102-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өсіпті.
– Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 840 шақырымды құраса, оның ішінде негізінен жағдайы нашар республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 118 шақырымды құрап отыр. 2020 жылдан бастап Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Сәуір айында ауданда облыс әкімі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі жұмыс сапарымен болып, мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында Шу-Бурылбайтал және Меркі-Шу автожолын пайдалануға беруді тапсырды. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жол мәселесі шешімін табатын болады.
Биылғы жылға автомобиль жолдары саласына 730,2 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 316,3 миллион теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 413,9 миллион теңге қарастырылды. Аталған қаржыға Шу қаласы мен ауылдық елді-мекендердің 25 көшесіне орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары а
Аудан бойынша Шу қаласы және 24 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Өткен жылы Шу қаласындағы Қосқұдық мөлтек ауданына және Оразалы батыр ауылының ауызсумен қамтуға қаржы бөлінген болатын. Нәтижесінде Оразалы батыр ауылында жұмыстар аяқталды, Қосқұдық мөлтек ауданындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Сонымен қатар Ақтөбе, Төле би ауылына кіреберіс сол жақ беткейі, Шу қаласы Қант зауыты мөлтек ауданы, Енбекші ауылдарын ауызсумен қамту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда. Көкқайнар, Сауытбек, Көктөбе ауылдарына ауызсу құбырын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді.
Қазіргі уақытта, аудандағы 12 елді мекен толық газдандырылған. Газдандыру жоспарына енгізілген 18 елді мекеннің 11-не магистралды газ құбыры салынып, ШРП-лар орнатылады. 2022 жылы қалған 7 елді мекенге магистралды газ құбыры салынатын болады, – деген Шу ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы мемлекеттік бағдарламалар, жарқын жобалар талай тірлікті тіктеуге септігін тигізіп жатқанын жеткізді.