Жалақының мәселесі емес, өзі көтерілді

0 154

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысында биыл 27 кәсіпорын өз жұмыскерлерінің жалақысын 23 пайызға көтергені туралы айтылды.

Осы жылғы мемлекет басышысының төменгі жалақыны көтеру тапсырмасын негізге алған аймақ басышысы жұмысшылардың құқығын қорғау, олардың еңбек дауларын болдырмау сияқты біршама істерге тоқталып, бұл жөнінде нақты жұмыс істеу керектігін баса айтты.

Жалпы жыл басынан бері үшжақты комиссияның 75 отырысы өтіпті. Облыс әкімі жиын барысында әлеуметтік-еңбек жағдайларының ахуалын реттеуді және тұрақты бақылауда ұстауды жергілікті әкімдіктерге тапсырып, әлеуметтік әріптестермен бірлескен жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуын міндеттеді.

Аталмыш комиссия тарапынан 130 мәселенің мазмұны қаралып, оның ішінде 95 мәселе жұмыс беруші мен жалданып жұмыс істейтіндерді татуластыру арқылы өз шешімін тауыпты. Ал қалған мәселе азаматтық тәртіп бойынша бір жайлы етілетін болып, сотқа жолданған.

Жалпы тексерістердің қортындысына сайкес, жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 27 нұсқама беріліп, 12 айыппұл салынған. Оның құны 1 560 595 теңгені құрайды. Ал бұл айыппұлдар тікелей мемлекет мүддесіне шешіледі. Сондай-ақ тексеріс натижесінде 218,2 миллион теңгенің жалақы қарыздары анықталған. Бірақ олар толығымен жойылды. 1374 жұмыскердің еңбек құқықтары заңы бойынша қорғалыпты.

Міне, мұның барлығының натижесі жергілікті органдармен еңбек қатынастарын реттеудің бірлесіп жасаған ісінің нәтижесі. Атап айта кету керек, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып жатқан, ірі кәсіпорындармен меморандумдарға қол қою рәсімін аудан әкімдері де өз әлдерінше белсенді түрде ары қарай жалғастырып, бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы оң нәтиже көрсетіп, тіпті республика бойынша 1-орынға шыққан. Сонымен қатар 6807 кәсіпорында жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарттарда қабылданған.

Жұмысшылардың құқын қорғауда кәсіпорындардың кәсіподақтар құруы маңызды екенін атап өткен облыс әкімі еңбек саласын цифрландыру орайын да тиімді пайдаланып, еңбек шарттарын бір жүйеге яғни E-HR жүйесіне тіркеуге бағытталған жұмыстардың да аса зор пайдасы бар екенін айтты.

Сонымен қатар осы бағытта өте баяу жұмыс істеп жатқан мекме және аудан қала әкімдеріне де өз кезегінде сын айтты. Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған өзекті мәселелерге назар аударған облыс әкімі төменгі жалақыны көтеруді басты орынға қоюды тиісті орындардан талап етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.